Провизорлық стационар

Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында Макинск қаласында 7.07.2020 жылы "Арай" оңалту орталығының балалар бөлімшесі базасында 30 төсек-орынға арналған провизорлық стационар ашылды. Бүгінгі таңда провизордың жабдықталуы: 2 пульсоксиметр АВ-80, 1 Armed оттегі концентраторы, 1 ИВЛ Calileo аппараты.

Қазіргі уақытта провизорда 28 пациент ем алады, оларға 2 дәрігер, 4 орта медициналық қызметкер және 4 кіші медициналық қызметкер күтім жасайды. Төсек қорын толтыру пайызы 93,3% құрады. Барлық науқастар вирустық пневмония диагнозымен жатыр. Барлығында жағдайлары орта дәрежелі . 24.06.2020 ж.ашылған күннен бастап 63 емделуші емделді, оның ішінде 15-і шығарылды, 18-і ауыстырылды, 1-і қайтыс болды.
24.06.2020 ж. аудан бойынша барлығы 192 КВИ оң нәтижесімен тіркелді, оның ішінде 145 симптомсыз, 59 сауықтырылғандар, 4 қайтыс болғандар.