ХАБАРЛАНДЫРУ

«Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мемкемесі, 020000, Көкшетау қаласы Сәтпаев көшесі 1, 218 кабинет, анықтама үшін телефон 8 (7162) 55-11-98 Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Бұланды аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, 020500, Ақмола облысы Бұланды ауданы, Лесная көшесі, 33 үй, жұмыс телефоны 8(71646) 2-14-44 бақылау кеңесі мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Конкурстың өткізілетін орны: 020000, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі,  2 этаж 214 кабинетте.
       1.  Конкурсқа қатысушалырға қойылатын талаптар: жоғары білім, сонымен қатар, төменде көрсетілген талаптардың бірі:
      1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
      2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
      3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
2. Мынадай:
      1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
      2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
      3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
      4) бақылау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды бақылау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.
3. Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді тапсыру мерзімі:  Кандидат осы хабарландыруды жариялау мерзімімен бастап 30 күннің ішінде, өтінішін келесі мекен-жай бойынша тапсырады: 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі 1 үй, № 218 каб..  
4. Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)    мемлекеттік және орыс тіліндегі түйіндеме; 
3)    еркін түрде жазылған өмірбаян; 
4)     кандидат жеке куәлігінің көшірмесі; 
5)     Жоғары білім туралы құжатының көшірмесі; 
6)    Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 35 бабына сәйкес, қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі; 
7)     Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшесінен сотталмаған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық болмауын растатйтын құжат;
Конкурсқа қатысушы білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, оқу деңгейі және санаты, ғылыми мақала, алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдары) қатысты қосымша ақпаратты беруіне болады.
 Кандидат конкурс өтінімінің түпнұсқасын, «Түпнұсқа» белгісін белгілеп конвертке жапсырады. Ол конвертте кандитаттың тегі, аты, әкесінің аты және мекен-жайы жазылуы тиіс. Содан соң конверт сыртқы конвертке салынады.
Ішкі және сыртқы конверт:
1)    «Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шақыру қағазы немесе ақпаратта көрсетілген мекен-жайы бойынша жіберілуі тиіс;  
2)    «Мемлекеттік мекеме бақылау кеңесі мүшелерінің – бақылау кеңесі мүшелерінің конкурсы» және «2022 жылдың «05» қаңтарының  сағат 11 00-ге дейін ашуға болмайды» сөздері (жариялау кезінде мерзімі өзгеріледі – газеттің шығу мерзімінен кейінгі 30 күндік мерзім қойылады.
Конкурстық өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данадан жіберіледі.